Атыраулық
отбасы осылай теперіш көріп жүргенде, Астанада сенатор Қуаныш Айтаханұлы Батыр
аналар пәтерді кезексіз алуы керек деген мәселе көтерді.
Депутаттың айтуынша, елімізде жыл сайын 40-50
үшем туылады. Ал оларды дүниеге әкелген отбасыларға әдетте қалталы азаматтар есебінен пәтер
беріледі. Қуаныш Айтаханов осы тұста халқымыздың санын көбейтуге ерекше үлес
қосып отырған ата-аналарға мемлекет қамқорлық жасап, баспана беруі тиіс деп
есептейді.
Қуаныш
Айтаханов,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Қазіргі
заманда үшем емес, бір баланы бағып-қағудың өзі оңай емес. Сондықтан да заң жобасында «үшем және одан да
көп баланы дүниеге әкелген ата-аналарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезектен
тыс тұрғын үй алу құқы бар» деген норманы ұсынамын. Жыл сайын миллиардтаған қаржы игерілмей жатқанда, үшем туған
аналарға кезексіз пәтер беру үшін жарты миллиард теңге табу қиын бола қоймас.
Тым болмаса, Үкімет пен облыс әкімдерінің резервтік қорлары есебінен қаржы
бөлінсе де, көптеген мәселені шешуге болады деп ойлаймын.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА