Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовті қабылдады

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2014
  • 1456

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовті қабылдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің бірқатар маңызды мәселелері талқыланды. Еліміздің алдында тұрған таяу кезеңде жүзеге асырылуы тиіс әлеуметтік-экономикалық міндеттер де сөз болды. Сондай-ақ Оралбай Әбдікәрімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шараларына қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

Оралбай Әбдікәрімов, қоғам қайраткері:

Алтын уақытын бөліп қабылдағаны үшін, Елбасыға алғысымды білдіремін. Кездесуде бірнеше мәселелер көтерілді. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жағдайлары мен соған қарсы күрес бойынша ұсыныстар айтылды.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ