Русский Сайттың толық нұсқасы

АШМ шаруа қожалықтарының басын біріктіріп, кооперативтер құруды қолға алмақ

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2014
  • 1596

Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруа қожалықтарының басын біріктіріп, кооперативтер құруды қолға алмақ. «Бұл өндірісті ірілендіріп, мемлекеттен көмек алуға септігін тигізеді», - дейді шенеуніктер. Аталмыш заң жобасын мәжілісте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева таныстырды.

Ө
з пайдасын ойлаған ұсақ шаруашылықтар кооперативке бірігеді. Мәжбүрлеу болмайды. Ал ұжым ішінде өзара тартыс болмауы үшін, бір қатысушы бір дауысқа иелік етеді. Министрлік табысты теңдей бөлу мақсатында  ревизиялық комиссия құруды ұсынды. Ол үшін аудиторлар жалдау қажет. Шығынның 50 пайызы бюджеттен субсидияланады. Мәжілісмендер бұл заң жобасының әлі де шикі екендігін айтты. Құжатқа бірталай толықтырулар енгізілуі тиіс деген жұмыс тобы оны қабылдады.

Рауан Шаекин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Международный опыт там есть, много других полезных вещей, которые можно было взять. Но взяли именно ревизионную комиссию. Все остальное - нет.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ