Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО-дағы Шардара су қоймасына көп мөлшерде су жіберу басталды

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2014
  • 1369

Оңтүстік Қазақстандағы Шардара су қоймасына көп мөлшерде су жіберіле бастады. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінен хабарланды.

Судың молаюы таяудағы тәуліктерде де жалғаспақ. Өйткені Сырдарияға Тәжіктің Қайрақұм су қоймасынан тасталған су көлемі ұлғайып, Шардара су қоймасына құйылатын ағынды су көбеюде. Төтеншеліктер осы күндері басқа да өңірлердегі өзендердің су деңгейі ауытқитынын хабарлауда.

Илхам ИБРАГИМ