Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай билігі шетелдік инвестицияларға енгізген бірқатар шектеулерін алып жатыр

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2014
  • 734

Қытай билігі шетелдік инвестицияларға енгізген бірқатар шектеулерін алып жатыр. Олар электронды сауда, химиялық өнімдер және аккумуляторлар өндірісіне қатысты деп жазады «Financial Times».

Осылайшы, аспан асты елі өзіне қарсы жауапты шектеулер қолданылу қаупін төмендетуге ынталы делінген мақалада. Өйткені Қытай компаниялары әлем елдеріне өз инвестицияларын құйып жатыр. Оның ішінде Еуропа мен АҚШ та бар. Бейжің, тіпті алтын қорын да пайдалануға көшті, деп жазады «Вести экономика».

Билік банктерден импортты қолдау үшін несиелер санын арттыруға өтініш жасады. Ал компаниялар энергетика саласына шетелдік инвестициялар көлемін арттыруға тырыспақ, есесіне билік оларға инвестиция тартқаны үшін жеңілдіктер жасайды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ