Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда баласын сатпақ болған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2014
  • 1176

Қарағандыда 3 айлық нәрестесін 500 теңгеге сатпақ болған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық ішкі істер департаменті жезқазғандық әйелге Қылмыстың Кодекстің 133 бабының 1-ші бөлімі бойынша айып тағылғанын айтты.

Еске салайық, күдікті осыдан 4 күн бұрын базар маңында ұсталды. Оның өз сәбиін сатқалы жүргенін полицияға саудагерлер хабарлаған. 31 жастағы маскүнем әйелдің, бұл әрекеті расталса, 5 жылдан 7 жылға дейін темір торға тоғытылмақ. Қазір күдікті әйел уақытша қамау абақтысында. Ал, оның 3 айлық нәрестесі ауруханада дәрігерлердің бақылауына алынған.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Өз баласын сатпақшы болған азаматшаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 133 бабы 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айжан КУАШ