Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговпен кездесті

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2016
  • 1597

Президент Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговпен мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу жөнінде кеңесті. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы төменгі палата депутаттарының үндеуін алғанын, онда аталған бастамаға реформаларды және мемлекет белгілеген дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру қажеттігі негіз болғанын атап өтті.

Өз кезегінде Игорь Рогов Конституцияның 63-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламентті немесе Парламент Мәжілісін Қазақстан Президенті Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-министрмен консультациядан кейін тарата алатынын айтты. Және мерзімінен бұрын сайлау Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкілеттігін доғарған күннен кейін екі ай ішінде өткізілетінін атап өтті. Игорь Роговтың айтуынша, Мәжіліске мерзімінен бұрын сайлауды барлық деңгейдегі мәслихат сайлауымен бір мезгілде өткізу Конституция нормаларына сай келеді.