Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда диқандар бидайды импорттай бастады

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2014
  • 1074

Ал, Солтүстік қазақстандық диқандар бидайды импорттай бастады. Осы күнге дейін Ресейден 700 тоннаға тарта астық әкелінген. Келісім-шарттың жалпы сомасы 300 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, 3 есе артық. Алыс-беріс туралы ақпарат Статистика агенттігінің ресми сайтынан алынған.

Ал әкімдіктегілердің айтуынша, шаруалар қазір тұқым қорын сақтаумен әлек. Демек, көрші елден 2-3-классты бидай тасымалдануда. Айта кетсек, астықты өлкеде күзгі жиын-терім жұмыстарының 86 пайызы еңсерілді. Әзірге гектар берекелігі 15,4 центнерден айналуда.

Ресми дерек көздерінің мәлімдеуінше, қар түскеннен кейін дәннің сапасы айтарлықтай нашарлай түскен. Қазір тек 4-5-классты астық қана жиналып жатыр. Дегенмен, элеваторларда 3-ші сұрыпты бидайдың үлесі басым, дейді мамандар.

Абзал ҚҰРМАНКИН