Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұз-Павлодар тас жолындағы ірі апатта 3 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2014
  • 1561

Екібастұз-Павлодар тас жолында кеше түнде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаға қалың тұман себеп болуы мүмкін деген жорамал бар. Алайда, анық-қанығын арнайы тағайындалған сараптама қорытындысы көрсетеді.

Полицейлердің алдын-ала болжамы бойынша, «Фольксваген Гольф» маркалы көлік Екібастұзға келе жатқан. 43 жастағы жүргізуші басқарған темір тұлпар қаладан 10 шақырымдай жерде «Қарағанды-Павлодар» бағытындағы жолаушылар автобусымен бетпе-бет соқтығысады. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен салондағы 20 және 14 жастағы жолаушылар оқиға орнында жан тапсырды. Белгілісі, марқұмдар - Солнечный кентінің тұрғындары. Ал автобуста болған 15 жолаушы дін аман. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Алма Мұсабекова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы:

Жол-көлік оқиғасы бойынша қазіргі таңда полициямен Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 3 адам қайтыс болды. Қазіргі таңда осы жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ