Русский Сайттың толық нұсқасы

С. Беркутов: Парламенттің жаңа құрамына шағын және орта бизнесті қолдайтындар келуі тиіс

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2016
  • 1383

Парламенттің төменгі палатасының жаңа құрамына шағын және орта бизнесті қолдайтындар келуі тиіс. «Азия Авто» АҚ-ның сапа бойынша директоры Сұнғат Беркутов бүгін «Астана» арнасына берген сұқбатында осылай деді. Оның пайымынша, шағын және орта бизнес мәжілісмендердің қолдауына мұқтаж.

Сұңғат Беркутов, «Азия Авто» АҚ сапа бойынша директоры:

Қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттары өзінің барлық міндеттерін орындады. Яғни елімізге қажетті заңдарды қабылдады. Қазіргі таңда олардың орнына осы заңдарды іске асыру жолдарын білетін басқа депутаттар келуі тиіс. Ең алдымен шағын және орта бизнестің не екенін түсінетін, кәсіпорындарға қандай қолдау қажет екенін білетін депутаттар келуі тиіс. 

Мансұр ЕСҚОЖИН