Русский Сайттың толық нұсқасы

Даму институттары Қазақстандағы инфрақұрылым және коммуналдық шаруашылық секторын қолдайды

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2014
  • 2717

«Еуропалық даму және қайта құру банкі» соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан экономикасына 6 миллиард 7 млн теңгеге жуық инвестиция құйған. Алдағы үш жыл ішінде тағы 2 миллиард салуға дайын. Бұл туралы ірі қаржы құрылымының еліміздегі өкілі Джанет Хэкман мәлімдеді. Президент өз Жолдауында атап өткендей, әлемдік алпауыт қаржы ұйымдарын Қазақстандағы инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылық қызықтырып отыр.  

Астанадағы бес қабатты пәтер осыдан екі жыл бұрын терможаңғыртудан өтті. Шұрық-тесігі тегіс жамалды. Құбырдан бастап есептегіш құралдарға дейін аустырылды. Нәтижесінде жылуға төлейтін ақы 25-30 пайызға дейін азайып, тұрғындардың қалтасында қалды. Елдегі тозығы жеткен коммуналдық шаруашылықты осылай заманға сай жаңартуға шамамен 2 трлн теңге қажет. Президент Жолдауда коммуналдық жүйені жөнге келтіруге 2020 жылға дейін жылда 200 миллиард теңге бөлінетінін айтты. «Жайлы тұрмыс өз алдына, саланы жетілдіру тұтас экономикаға оң ықпал етеді», - дейді сарапшылар.

Сергей Полищук, ТҮКШ саласы маманы:

Баспананы жөндеу дегеніміз - бір жағынан энергомодернизация, демек үнемшілдік. Тұтынушының қалтасынан шығатын шығынды азайтады. Тарифтің өсуін тежейді, ол өз кезегінде инфляцияның өсуін тежейді.

Коммуналдық салаға қыруар қаржы бөлінетінін түсінген кәсіпкерлер қажетті қондырғы, қосалқы бөлшектер шығаратын кәсіпорындар ашуды қазірден қолға ала бастағаны дұрыс дейді сарапшылар. Табысты салаға ақша құюға бүгінде «Еуропаның қайта құру және даму банкі», «Азия даму банкі», «Ислам даму банкі» және жеке инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Бірақ қайтарымы қымбатқа түспеуі керек. Тарифтің өсіп кетпей, тұрақты болуы маңызды. Ол үшін осы саладағы жобаларға мемлекет те қаржы салуы тиіс. 


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Чтобы не допустить значительного увеличения тарифов, необходимо софинансирование государством таких проектов. В этой связи на ускорение темпов модернизации систем тепло и водоснабжения дополнительно к уже предусмотренным в бюджете средствам целесообразно направлять до 100 миллиардов тенге ежегодно.

Ал ЕДҚҚБ соңғы 20 жыл ішінде Қазақстанға 6,7 миллиард доллар инвестиция салды. Қаржы құрылымы алдағы үш жыл ішінде коммуналдық сала, көлік, ШОБ, өңдеу өнеркәсібіне тағы екі миллиард доллардан астам қаржы құюға әзір. Қазірдің өзінде жеті облыста ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Джанет Хэкман, ЕДҚҚБ Қазақстандағы директоры:

«Еуропалық даму және қайта құру банкі» Қазақстандағы коммуналдық сектормен тығыз жұмыс істеп жатыр. Алматы, Қызылорда, Павлодар, Шымкент, Тараз, Ақтау Ақтөбе, яғни жеті облыста қоғамдық көлік, су тазарту станциялары, су, электр, жылумен қамту бойынша жұмыс атқарылмақ. Аталған секторлар жаңғыртуды қажет еді.

Коммуналдық саланы дамыған елдер деңгейіне жеткізу, халықтың тұрмыс-салтын оңалтып ғана қоймай, инвесторлардың аймақтарға көңіл бөлуіне жол ашады. Президенттің тапсырмасымен коммуналдық жүйені жаңғыртуға жыл сайын 200 миллиард теңге бөлінсе, алдағы 10 жылда саладағы түйткілдер түбегейлі шешіледі деген үміт басым.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ