Русский Сайттың толық нұсқасы

«AKTOBE INVEST-2014» халықаралық инвестициялық форумы аясында 17 меморандумға қол қойылды

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2014
  • 1414

Ақтөбеде осымен екінші рет «AKTOBE INVEST-2014» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Бұл шара аймақтың экономикалық ахуалына айтарлықтай үлес қосады. Ресей, Қытай, Түркия және Қазақстанның көптеген бизнес өкілдері жаңа жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Айта өту керек, өнеркәсіптің өңдеу саласында 23 жаңа мекеме іске қосылуы тиіс. Бұл аймақтың экономикалық өсімі ғана емес, әлеуметтік күйдің де жақсаруына себеп болады. Форум аясында 17 меморандумға қол қойылды. Инвестицияның жалпы көлемі 140 млрд теңгеден асады. Тек облыс орталығы ғана емес, аудандарда да ірі кәсіпорындар ашылып, жаңа белестерге қол жеткізуге ниетті. Мысалы, болашақта Алға ауданында сүт және ет зауыты өз жұмысын бастайды, деп жоспарлануда.

Арман Бошанов, Ақтөбе облысы, Алға ауданы кәсіпкерлік бөлім басшысы:

Меморандум аясында әрине әлбетте арзандайды. «Молочные истории» негізі өздері сүт өндіреді. Сонымен қатар, мясокомбинаттан ет сойылғаннан кейін ол өзінің арзанға түседі өндірушілерге және бірінші ол халыққа. Базар құнынан неғұрлым арзанға сатылады.

Мансұр ЕСҚОЖИН