Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәслихат сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысты жергілікті белсенділер мен қауымдастық өкілдері қолдайды

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2016
  • 1588

Мерзімінен бұрын мәслихат сайлауын өткізу бастамасын оңтүстікқазақстандықтар да қолдайды. Аймақтағы іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері, тіпті халық қалаулыларының қатары әйел депутаттарымен толықса, дейді. Өйткені нәзік жандылар қандай қиындықтан болса да, жол тауып шығатынына сенімді. Бұл сайлау мәслихат депутаттары қатарын жаңашыл, серпінді, іскер азаматтармен толықтыруға мүмкіндік береді дейтіндер көп.

Гүлназ Әбілдаева, ОҚО іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі:

Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі ретінде өте үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз деп айта аламын. Егер әйелдер қатары көбейетін болса, бұл мына жаңадан өзгеріп жатқан мына тығырық заманда әйелдердің іскерлігін, әйелдердің ақылын, даналығын кейбір жерге қолдансақ, өте дұрыс болар еді деп есептеймін.

Нұрлан Зайнеденов, Ақтөбе облысы «Жауынгерлік бауырластар» қоғамдық қорының төрағасы:

Қазір елімізде болып жатырған дағдарысқа байланысты ерте сайлау ұйымдастырылып жатыр. Парламентке де, жергілікті мәслихатқа да. Жаңадан құрылған мәслихат мүшелерімен де жақсы, тығыз жұмыс жасаймыз деп ойлаймыз.