Русский Сайттың толық нұсқасы

Германия геологтары Қазақстаннан 15 кеніш көзін тапты

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2014
  • 2488

Германиялық геологтар Қазақстаннан келешегі зор 15 кеніш көзін тапты. Бұл туралы Қазақстан - Германия кеңесінің жетінші отырысы барысында Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді. Айтуынша, неміс геологиялық қызметі елуге жуық кенішті зерттеген. Арасынан игеруге болатын 15 перспективті кен орны таңдалып алынған. Әңгіме негізінен сирек кездесетін металлдар турасында болып отыр.

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

Инвесторларды геологиялық барлау және пайдалы қазбаларды зерттеу ісіне тарту - біздің негізгі мақсат болып табылады. Неміс бизнесмендері, компаниялар бұл салада белсенділік танытады деп үміттенеміз. 

Сондай-ақ, жиын барысында немістің «CLASS» және «John deer» компаниялары Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын зауыт салу туралы ұсыныс білдіргендері белгілі болды. 

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

Компаниялар бізге осындай ұсыныстарын білдірді. Әрине, мұндай зауыт өте қажет. Сондықтан Үкімет бұл бастаманы қолдаса, зауыт салу ісін кейінге шегермеуді сұраймын. Аграрлық ел болғандықтан, бұл жобаға басымдық беру керек деп санаймын.

Айта кетейік, Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы өткен жылы 6,5 миллиард еуроны құраған. Елімізде 1250 неміс компаниясы қызмет етеді. Екі ел арасында 4 миллиард еуроға 72 инвестициялық келісім жасалған.

Жұрағат БАМАН