Русский Сайттың толық нұсқасы

Семіздіктен қиналып, арықтай алмай жүргендердің тірлігі қандай?

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2014
  • 1354

Артық салмақ артықшылық па? Семіздіктен қиналып, арықтай алмай жүргендердің тірлігі қандай? Бүгінде елімізде балалардың 22%-ы, ал ересектердің 55%-ы семіздікке шалдыққан. Бұл тағамтану академиясының статистикасы.

Арықтау арманға айналғандар «Кеш емес» ток-шоуында қонақта. Студия қонақтары ішінде актер, әнші, жайдарман ойыншылары бар. Оларға ортақ проблема - артық салмақ.

Басты кейіпкер Ботагөз Ізтұрғанованың салмағы 110 келі. Артық салмақтан құтыламын деп, бармаған жері жоқ. Қаралмаған дәрігері қалмаған. Бірақ қыпша бел боламын деген үміті ақталар емес. Дегенмен, семіздікке шалдыққандар арасында мойымайтындары да тыбылды. Кейбірі спортпен айналысып, арықтағысы келмейтіндерін айтады.

Семіздікке шалдыққандар мен арықтауға асыққандар тағдыры бүгін 22.00-де «Кеш емес» бағдарламасында. «Астана» арнасы қосулы болсын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ