Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей банкі қазіргі қаржыны тұрақтандыру механизмінен бас тартты

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2014
  • 1187

Ресей банкі қазіргі қаржыны тұрақтандыру механизмінен бас тартты. Банк жаңа саясатына байланысты рубль бағамындағы өзгерістерге араласпайтын болады.

Ресей ақшасының құлдырауын күшпен ұстап тұру мүмкін болмай тұр. Орталық Банк 10-шы қарашадан бастап, рубльді тұрақтандыру мақсатында қыруар қаржы жұмсамайды. Тек қаржы нарығында түбегейлі өзгерістер орын алып жатқан жағдайда ғана Ресейдің Орталық Банкі рубльдің күрт құлдырап кетпеуіне әрекет жасайды.

Ресейдің банк басшылары мұндай шараға амалсыздан барып отыр. Бұдан әрі рубльдің құнын ұстап тұру үшін қыруар қаражат жұмсаудың тиімсіз екеніне көздері жетті. Саммите сөз сөйлеген Ресей президенті Владимир Путин, жақын аралықта рубль тұрақтанып, экономикаға кері әсерін тигізбейтінін жеткізді.

Владимир Путин, РФ президенті:

Қазіргі уақытта рубльдің құнсыздануы жалғасуда. Бұл біріншіден, нарықта жүрген алып-сатарлардың әрекеті, деп есептеймін. Орталық Банк жағдайды қалыпты ұстау мақсатында жұмыстар атқарып жатыр. Алдағы уақытта жағдай түзеліп, рубль тұрақты қалыпқа түседі деп сенемін.

Самат ҚАНАҒАТОВ