Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайлық сарапшылар мұнай бағасының өсіп жатқандығын айтуда

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2014
  • 952

Қытайлық сарапшылар мұнай бағасының өсіп жатқандығын айтуда. «Блумберг» агенттігінің ақпаратына сәйкес, «Брэнттің» құны бір аптаның ішінде жоғарғы көрсеткішке жетті. Қазіргі бағаға сәйкес бір баррель 84,72 долларды құрайды. Нью-Йорктің электронды тауар биржасында бір баррельдің бағасы 79 долларға дейін көтерілді.

«СМС Маркетс» бас сарапшысы Майкл Маккартидің айтуынша, «Қытай сарапшыларының болжамы дұрыс. Мұнай экспортының өсуі міндетті түрде бағаға әсер етеді».

Аспан асты елінің кедендік басқармасының ақпаратына сәйкес, экспорттың деңгейі 11,6 пайызға жетті. Бұл дегеніңіз «Блумберг» агенттігінің жасаған болжамымен салыстырғанда, 10 пайыздан асады. Импорт 4,6 пайызға көтерілді.

Қазіргі уақытта мұнай экспорттаушы елдер ұйымына кіретін мемлекеттер мұнай өндірісін ұлғайтып, әлемдік нарықтағы қара алтын бағасының құнсыздануына әсер етіп отыр.

Самат ҚАНАҒАТОВ