Ташкентте азық-түлік бағасы қымбаттап
жатыр. Бір мезетте қант, күріш және жарма бағасы шарықтап кетті. Қанттың келісі бірден 25-30 пайызға қымбаттап, сөрелерден 4
мың сумнан саудалануда. Бұл 1,3 долларға тең. Ал қарақұмықтың құны екі
еселеніп, келісі 7-8 мың сумға жетті. Бұл жарманың қымбаттауын саудагерлер
Ресейдегі нашар шығыммен байланыстырып отыр. Алқаптарда орылмай қар астында
қалған қарақұмық - қымбатшылықтың тағы бір себебі.
Ал күріш жинау науқаны елде басымдық
берілетін мақта орумен тұспа-тұс келеді. Мақта
үшін шенділер ерекше жауапты болғандықтан, күріш оруға олардың қолдары жетпеген
сынды. Жақын арада елде өзге де азық-түліктің қымбаттауы бек мүмкін.
Алайда, еттің құны қалыпты. Оның орташа бағасы 24-25 мың
сум. Жақында ғана еттің бағасы келісіне 30 мың сум болған-ды, ал долларға
шаққан ол 10 долларға тең.
Самат ҚАНАҒАТОВ