Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2014
  • 1387

«Нұрлы жол - болашаққа бағыт». Дәл осындай атаумен бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын айқындады. Бұл туралы дәл қазір өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлім болды.

Мемлекет басшысы осы жиында өзінің халыққа жолдауын арнады. Президент жаңа экономикалық кезеңде Қазақстан экономикасын ынталандыру, жаңа өндірісті қарқынды дамыту бағдарламасы қабылданатынын мәлімдеді. Оның шеңберінде, ел ішінде ірі транспорт-логистикалық желі құру мәселесі, индустриалдық инфрақұрылымдарды дамыту мәселелері қарастырылады. Дәл осы жиында Президент келер жылы Ұлттық қордан 500 млрд теңге көлемінде кезекті транш бөлу туралы мәлімдеді. Мемлекет басшысы, бұл қаражат экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін жұмсалатынын айтты.

Саяси кеңес отырысында Елбасы «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық қызметіне оң бағасын берді. Президент осы жылдар аралығында партия нағыз халықтық партия атанғандығын атап өтті. «Осы уақыт ішінде жауапты шешімдер қабылдайтын, елдің арасында беделі көтеріліп, нағыз халықтық партия екенін дәлелдеп, көпшіліктің сеніміне ие болып келеді. Өткен Парламент сайлауында, Президент сайлауында біздің партияның халық арасындағы беделінің артқанын көріп келеміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жұрағат БАМАН