Русский Сайттың толық нұсқасы

2016 жылы «Даму» қоры ШОБ-ті қолдау үшін 35 миллиард теңгеден астам қаржы бағыттамақ

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2016
  • 1322

2016 жылы «Даму» қоры  шағын және орта бизнесті қолдау үшін 35 миллиард теңгеден астам қаржы бөлмекші. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде қор басшысы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.

Белгілі болғандай, «Даму» қоры 28 миллиард теңгені республикалық бюджеттен, ал 7,2 миллиард теңгені Ұлттық қордан алған. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау үшін халықаралық қаржы институттарынан 65 миллиард теңге тартпақ. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, дағдарысқа қарсы жоспар аясында Үкімет тарапынан «Даму» қорына  ауқымды мақсат жүктеліпті. Соған сәйкес, биыл Дүниежүзілік банктен 30 миллиард теңге, Азия даму банкінен 30 миллиард теңге және Еуропалық қайта құру және даму банкінен 5 миллиард теңге тарту жоспарланған.

Ләззат Ибрагимова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы:

2016 жылы мемлекеттік қолдаумен қамтылған кәсіпкерлер саны артады. Біз алдымызға қойған жоспарға сәйкес субсидиялау бойынша бір жарым мыңнан астам кәсіпкерге қаржы беруді көздеп отырмыз. Кепілдеме аясында да бір жарым мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілін қамту жоспарланған. Кәсіпкерлерді қолдау шаралары серіктес банктермен және әкімдіктермен бірлесе атқарылады.

Берік ХАСЕНОВ