Семейде
Екінші дүниежүзілік соғыс ұрыстарына қатысқан атақты алпауыт Т-34 танкісі
қорғаныс кәсіпорнында қайта қалпына келтірілуде. Әскери көлік 1944 жылы
шығарылған. Алайда, ол үстіміздегі жылдың күзіне дейін Астанада ескерткіш
ретінде орын алған.
Әскерилер Т-34 танкін шығыс өңірге темір жолмен жеткізген.
Қазіргі таңда бір топ маман танктің бүге-шүгесін түгендеп, қайта жөндеуде.
Біраз бөлшектерін қолмен босатып алуға тура келіп жатыр. Зауыт жұмысшылары
әскери көліктің мұнарасы мен корпусында сақталған нөмірлер арқылы Т-34-тің ұрыс
жолдарын, экипаждың есімі мен шенін зерттеуде. Желтоқсанда жөндеу жұмыстары
толығымен аяқталып, танк зауыттың полигонында тиісті сынақтан өтеді.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ