Русский Сайттың толық нұсқасы

Израиль мен Үндістан бірлесіп, жаңа қорғаныс жүйесін әзірледі

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2014
  • 1380

Израильдің «Ха-Таасия Ха-Авириті» мен Үндістанның DRDO зерттеу ведомствосы бірлесе жасаған «Барак» зымыранға қарсы жүйесінің сегізінші буынының сынағы сәтті басталды. Бұл туралы «Рейтерс» хабарлады.

«Барак-8» нысандарды құрлық пен теңізден дәл көздейтін ең жаңа қорғаныс жүйесі болып саналады. Қорғаныс министрлігінде сынау кезінде жол кесуші зымыран нысананы дәл танып, жойған. Жаңа қару Израиль әуе қорғанысына жақын арада тапсырылады. Жаңа қарумен Израиль Сирия жақтан жасалуы мүмкін шабуылдар мен Хезбалла ұйымының лаңкестік шабуылдарына қарсылық білдірмек. Жүйе кез келген әуе қаупін, оның ішінде пилотсыз басқарылатын аппараттар, қанатты зымыран, «жер-жер» санатындағы ракеталарды анықтап, жоюға жарамды. Жаңа қондырғы ауа райына тәуелсіз жұмыс жасайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ