Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей президентінің баспасөз қызметі Пекинде болған қолайсыз жағдайды талқылауды доғаруға шақырды

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2014
  • 1119

Ресей президентінің баспасөз қызметі Пекинде болған қолайсыз жағдайды талқылауды доғаруға шақырды.

Нақтырақ айтқанда, Владимир Путин аспан асты елінде өтіп жатқан саммитте Қытайдың бірінші ханымына жылы орамал жапқан болатын. Дмитрий Песковтың айтуынша, бұл жағдайды сөз ету негізсіз.

Салтанатты шаралардың бірінде Путинге Қытай Халық Республикасының бірінші ханымы Пэн Лиюаньнің жанынан орын берген. Ресей президентінің орнынан тұрып, көршісінің иығына жылы орамал жапқан сәті бейнекамералардың біріне жазылыпты. Бұл уақытта Си Цзиньпин Барак Обамамен сөйлесіп отырған көрінеді. Алайда, Пэн Лиюань жамылғыны иығынан ысырып, қара күртешесін киген. Путиннің бұл әрекеті қытайлықтарды таңдай қақтырды. Себебі, мұндай жағдайды Қытай елі ерсі, деп санайды. Көрші мемлекетте аталмыш бейнежазбаны бірден өшіріп тастағанымен, ғаламторда бұл оқиға әлі де талқылануда.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА