Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас прокурор Дауылбаев алқа отырысында Елбасы жолдауының стратегиялық міндеттеріне тоқталды

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2014
  • 1212

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған стратегиялық міндеттер Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында талқыланды. Отырысты ашқан Асхат Дауылбаев Елбасының кезекті Жолдауының маңызына тоқталды.

Құжатта көрсетілген қағидаларды табысты жүзеге асыру мақсатында Ұлттық қордан бөлінген қаржының заңды игерілуін тексеруді тапсырған Бас прокурор сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу бойынша нақты тапсырмалар берді. Және «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің отырысында бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленген мақсаттар, қадағалаушы органдар жүргізіп жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі басымдықтарымен сәйкес екенін атап өтті.

Соңғы үш жылда прокурорлар 400-ден аса қылмыстық іс қозғап, сегіз мыңға жуық прокурорлық қадағалау актісін енгізу арқылы мемлекет қазынасына жарты миллиард теңге қайтарды. Сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзған 3200 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Асхат Дауылбаев, ҚР Бас прокуроры:

Бұл жолдау «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген стратегиялық мақсаттардың заңды жалғасы. Ол мемлекеттің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының шешуші басымдықтары экономикадағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға және дағдарыс жағдайында елдің қарыштап дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Мен, Президент Жолдауда көрсеткен нақты тапсырмаларды орындау үшін және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырамын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ