Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жарты жыл бұрын ұсталған жанар-жағармайдың алғашқы партиясы Қырғызстанға жетті

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2014
  • 1104

Қазақстанда ұсталған жанар-жағармайдың алғашқы партиясы Қырғызстанға жетті. Бұл туралы мұнай трейдерлері қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады. Және ұсталған жанармай мәселесі жақын арада толық шешімін табады, делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, сәуір айында Ресейден Қырғызстанға Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатқан дизель отыны мен бензин тиеген 427 цистерна «Құлан» кеден бекетінде тоқтатылды. Сұйық отын жарты жылға жуық тоқтап тұрды. Вагондарды айыр қалпақты ағайынға қайтару мәселесі қырғыз елінің басшысы Алмазбек Атамбаевтың өткен аптада Астанаға жасаған ресми сапары барысында ғана шешімін тапты.

Айта кетерлігі, соңғы он ай ішінде қырғыз еліне барлығы 946 мың тонна мұнай өнімдері импортталған. Оның 500 мың тоннадан астамы бензин және 438 мың тоннасы дизельдік отын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ