Русский Сайттың толық нұсқасы

Осыдан 3 күн бұрын Қарағанды қаласында тергеу изоляторынан қашып кеткендер қолға түсті

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2014
  • 1422

Қарағандыдағы АК 159/1 тергеу изоляторынан қашқандар ұсталды. Қашқындар қала орталығындағы жалдамалы пәтерде тұтқындылды, деп облыстық прокуратураға сілтеме жасап, «Интерфакс-Қазақстан» хабарлайды.

Қашқындар - Султан Лошкарев пен Виктор Шабунинді іздеу және құрықтау операциясына жоғары шенді полицейлер ат салысқан. Куәгерлердің айтуынша, полиция қашқындар жасырынған үйдің есігін бұзып кіріп, құрықтау операциясын жедел өткізді.

Естеріңізде болса, екі тұтқын өткен жексенбіде тергеу изоляторынан қашып шыққан еді. Олар ұрлық және көлік ұрлау баптарымен сотталған болатын. Қылмыскерлер қайтадан сол изоляторға қамалды. Енді олардың үстінен топтасып қашу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ