Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарапшылар Елбасының Жолдаудағы бастамаларына жоғары баға берді

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2014
  • 944

Сарапшылар Елбасының Жолдаудағы бастамаларына жоғары баға берді. Еуразиялық интеграция институты сарапшыларды қатыстырып, экспресс-сауалнама жүргізді, оған орталық және жергілікті атқарушы органдар, тәуелсіз талдау құрылымдары, БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар, даму институттарының өкілдері атсалысты. Сауалнамаға елдің 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 68 сарапшы қатысты.

Олардың 97,1%-ы «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын сыртқы жаһандық сын-қатерлерге заманауи жауап деп атады. 95,6%-ы жолдаудың ел экономикасын дамытуға жол ашатын жаңа бағыттарға мүмкіндік беретініне тоқталды. 95,6% -ы жолдауда айтылған шаралар қазақстандықтардың болжамына сәйкес келеді деп санайды. Ал сарапшылардың 94,1% -ы экономика өсімін нығайту және ынталандыру үшін, Ұлттық қордың резервтерін іске қосуды тиімді деп есептейді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ