Русский Сайттың толық нұсқасы

8 қарашадан бастап елімізде сотқа шақырту электронды түрде жіберіледі

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2014
  • 1370

Бұдан былай елімізде сотқа шақырту электронды түрде жіберіледі. СМС-пен хабарлау әдісі 8 қарашадан бастап іске асырылуда. Шақырту жеке тұлғалар мен қатар заңды тұлғаларға да жөнелтіледі. Сотқа шақырту хабарламасында тұлғаның аты-жөні, хабарламаның жіберілген күні және сот өтетін орын мен уақыты көрсетіледі.

Сондай-ақ, Жоғарғы соттың ресми сайтына кіріп, тұлғаның телефон нөмірі мен абонентке жіберілген арнайы кодты теріп, құжаттың қағаздық нұсқасын да шығаруға болады. Сот мамандарының айтуынша, бұл тәсіл уақытты үнемдеуге қолайлы. Айта кетейік, электронды сотқа шақырту хабарламасы ресми құжат болып табылады.

Бекбол Баймаханов, Астана қалалық сотының кеңсе меңгерушісі:

Бұл қызмет көрсетудің жалпы мақсаты - азаматтар мен заңды тұлғаларға ыңғайлылық туғызады. Нәтижесі оңды деп айтуға толық болады. Қазіргі таңда 200 миллионнан астам смс хабарлама жіберілді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ