Русский Сайттың толық нұсқасы

Аргентина халқын елдегі инфляция, қылмыс деңгейі мен жемқорлық алаңдатуда

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2014
  • 2336

Аргентинада мыңдаған адам Буэнос-Айрес көшелеріне шықты. Олар қазіргі үкіметке қарсы наразылық шеруін бастады. Тұрғындар инфляциядан, жемқорлық пен экономикалық тұрақсыздықтан әбден қажыған.

Шерушілердің айтуынша, осы бей-берекетсіздіктерге қазіргі билік кінәлі. Олардың дәрменсіздігінің салдарынан мемлекеттің жағдайы осыншалықты құлдырады. Аргентина 50 жыл бойы Латын Америкасындағы экономикасы қарыштап дамыған елдердің бірі болып келді. Алайда, 2000-шы жылдардың басында елдегі жағдай күрт төмендей бастады. Қазір бұл мемлекет қарызға белшеден батқан. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, соңғы 13 жылда болмаған тағы бір сорақылық биыл орын алды. Елде екі дүркін дефолт жарияланды. Ал қазіргі 1,3 млрд доллар қарыз соңғы рет 2001 жылы жарияланған дефолттан кейін пайда болған берешек.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА