Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Монако князі Альбер II-мен кездесті

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2014
  • 1143

Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Монако князі Альбер II-мен талқылады. «Астанада өткен кездесуде екі мемлекеттің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады», - деп Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар жаңғыртылатын энергетика, туризм және электроника салаларында екіжақты іс-қимылды дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті. Сонымен қатар Монако князі Тұңғыш Президент кітапханасын аралап көрді, онда құрметті қонаққа «Әлемді өзгертетін идеялар» деп аталатын интерактивті білім орталығы және тақырыптық кітап коллекциялары таныстырылды. {

Жұрағат БАМАН