Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Мақсат Үсеновтың қатысуымен болған кезекті жол апатына байланысты тергеу жүріп жатыр

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2014
  • 1279

Алматыда кезекті рет жол-көлік оқиғасына тап болған Мақсат Үсенов медициналық куәландіруден өтуден бас тартқаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

15 қарашада Үсенов басқарған Мерседес маркалы көлік қозғалыстың қарсы бағытына шығып кетіп, Тойота көлігіне соқтығысты. Оқиға салдарынан Тойота иесі, 38 жасар әйел, бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал Мақсат Үсенов, бір версия бойынша, оқиға орнында рөлде өзге азамат болды деген сылтаумен, жолаушы орнына отырып алыпты. Алайда апат куәгері Мерседесті Мақсат Үсенов басқарды, жолаушы орнында қыз болды деп отыр.

Еске салайық, жылға жуық уақыт бұрын дәл осы азамат Алматыда бірнеше адамды қағып, біреуі қаза тапқан болатын. Кейін зардап шеккен тараптың кешірімінен айыпкер сот залынан босап шыққан. Дегенмен, бұл шешімге қоғам қарсы болып, Үсеновке қатысты іс қайта тергелді. Сот оны жүргізуші куәлігінен екінші мәрте 2018 жылға дейін айырды. Бірақ салдарынан адам өмірі қиылған оқиға да жігітке сабақ болмаған тәрізді.

Айта кетейік, 20 тәулік қамау - ол тек куәландіруден өтуден бас тартқандығы үшін жаза. Бұдан бұрын да Мақсат Үсенов 45 туәлік қамауда болып келген-ді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ