Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық жол апаты құрбандарының күніне орай Қызылжарда көліктердің шеруі өтті

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2014
  • 1257

Халықаралық жол апаты құрбандарының күніне орай Қызылжарда көліктердің шеруі өтті. Шара аясында бірнеше эвакуатор сау тамтығы қалмаған көліктерді артып, қаланың орталық көшелерін аралады. Жол сақшылары бұл акция арқылы темір тұлпар жүргізушілерін ақырын жүруге шақырды.

Жалпы, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 235 апат тіркелді. Салдарынан 247 азамат жарақат алса, қырық төрті бақилық болды. Полицейлердің айтуынша, жол апаты көбінесе 25-40 жас аралығындағы жүргізушілердің қатысуымен болады. «Алайда олардың қатарында әйелдер жоқтың қасы», - дейді полиция қызметкерлері.

Вадим Яценко, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары:

Акция арқылы біз тұрғындарға жоғары жылдамдықпен жүрудің өте қауіпті екенін еске салғымыз келеді. Әсіресе қысқы күні. Былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл жол апатының саны сәл қысқарса да, тіл тартпай кеткендердің қатары бес адамға артты. Негізгі себеп - көлік тізгінін басқару тәжірибесінің аздығы.

Илхам ИБРАХИМ