Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарапшы: БЖЗҚ қаржысына белгілі бір банктер мен кәсіпорындарды құтқару - тиімсіз

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2016
  • 1450

Бірыңғай жинақтатушы зейнетақы қорының қаржысына белгілі бір банк пен кәсіпорындарды құтқару қордың өзіне қауіп төндіреді. «Астана» арнасына берген сұхбатында экономист Ғалым Құсайынов осындай пікір білдірді. Ол зейнетақы қорының ақшасын банктер мен кәсіпорындарға бөліп беру туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өтінішін: «Желге ұшқан ақшамен тең, әрі бұл зейнетақы қоры үшін үлкен тәуекел»,- деп түсіндірді.

Оның пікірінше, дәл қазір бірінші орында қор салымшыларының мүддесі ескерілуі керек. Яғни жиналған ақшаның сақталуы маңызды. Экономист: «Инвестициялық кірісті көбейту үшін екінші деңгейлі банктерге теңгемен бере салмай, тиімді жұмсау керек»,- дейді.

Ғалым Құсайынов, «BRB Invest» басқарма төрағасы:

Сондықтан бұл жағдайда ақшаны құтқару үшін жұмсауға болмайды. Оны сауатты инвестициялап, қаржыны көбейте алатын қарыз алушыларға беру керек. Ал өздері қиын жағдайда тұрғандарды ол ақша құтқара алатыны да нақты емес.  

Ал бүгін Ұлттық экономика министрі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысы тек қана Ұлттық банктің өлшеміне сай келетін компанияларға ғана бөлінетінін мәлімдеді. Бұл туралы «Власть» ақпараттық порталы хабарлады. Алайда, Ерболат Досаев бұл мәселе әлі талқыланып жатқанын, нақты шешім тек бір аптадан кейін ғана қабылданатынын ескерткен. 

Берік ХАСЕНОВ