Русский Сайттың толық нұсқасы

Илья Ильин Алматыдағы әлем чемпионатының үздік атлеті атанды

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2014
  • 896

Алматыда ауыр атлетикадан әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Чемпионат қорытындысы бойынша  еліміз үшінші орынға тұрақтады. Ал Илья Ильин - 4 дүркін әлем чемпионы, әлем рекордсмены. Өз жерімізде отандасымызға жұлқи көтеруде 190, серпе көтеруде 242 келі бағынды. Осылайша Ильин қос сайыс қорытындысы бойынша 432 келі көрсеткішімен әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, Ильин 105 келі салмақ дәрежесінде алғаш рет өнер көрсетіп отыр. Спортшыны керемет жеңісімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтаған көрінеді. Өзінің Instagram-дағы парақшасында чемпион: «Мен ең үздікпін!!! Маған жанкүйер болғандардың бәріне рахмет! Бұл біздің жеңісіміз!!!!» - деп жазды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ