Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы жанындағы институттар әлеуметтік сауалнама жүргізді

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2014
  • 1258

Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу көпшілікті бей-жай қалдырмайды. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Қоғамдық саясат» институты мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институты көпшілік арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Тұрғындарға қойылған сұрақтар мен берілген жауаптар сан түрлі. Респонденттердің 42 пайыздан астамы Қазақстанда жемқорлық кең тараған деп есептейді. 


«Пара беру адам өміріне әсер ете ме?» дегенге сұраққа басым бөлігі «ия» деп жауап қатқан. Ал жемқорлықпен күресу мақсатында халықтың 38,5 пайызы «құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыру» керек деп санайды. Сұралғандардың 31,3 пайызы биліктің заң бұзушыларға қарсы шаралары жемқорлық деңгейін төмендетеріне сенімді. Сауалнама 1600 адамның арасында өткізілді.

Еске салайық, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған партиялық бағдарламасы қабылданды. Құжаттың басты ерекшелігі - атқарылатын жұмыстар мен міндеттер әр салаға байланысты болмақ.

Саясат Нұрбек, «Нұр Отан» партиясы «Қоғамдық саясат» институтының директоры:


Қазір сыбайлас жемқорлық кез келгенде көкейдегі бірінші есіне не келеді? Ол жолдардағы жемқорлық. Әсіресе мынау біздің жол қағидаларды бұзғандағы жемқорлық. Бұл осындай зерттеуді біз өзіміз ғана жүргізбейміз. Осындай қоғамдық, мемлекеттік емес ұйымдарды тартып жасаймыз.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ