Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында «Бішкек-Мәскеу» пойызынан көне жәдігерлер табылды

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2014
  • 1536

Тарихшыларға таптырмас жәдігерлер Жамбыл облысынан өтіп бара жатқан жүрдек пойыздан табылды. Аймақ кеденшілері арнайы иісшіл иттермен «Бішкек-Мәскеу» жолаушылар пойызын тексерген. Нәтижесінде поездың электр-механигінің жүгі күдікке ілінген. Қалың қанар қапшық ішінде Ресей патшайымы екінші Екетеринаның кезінде қолданыста болған жалпы салмағы 6 келі құнды монеталар, әртүрлі ордендер мен медальдар табылған. Анықтай келе, электр-механик «күдікті жүк біреудің аманаты екенін, сәлемдемені Бішкектен салып жібергенін» айтқан. Ауыр сөмкенің ішінде не барынан хабарсызбын, деген. 


Кеденшілер тексере келе, жасы 50-ден асқан Ресей азаматы көне жәдігерлерді Қырғызстан арқылы Ресейге алып өтпек болғанын анықтапты. Ол өз түсі
ніктемесінде ескі экспонаттарды 10 жылдан бері жинап жүргенін айтқан. Және жәдігерлерінің жиынтығында 1786 жылы қолданылған монеталардың да бар екенін айтып берген. Қазіргі таңда аталған іс бойынша сот-сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жүруде.

Құдайберген Рысдәулет, Жамбыл облысы бойынша кеден департаментінің бөлім меңгерушісі:

Заң бойынша бұл азамат мәдениет министрліктерінен, орталық мұражайдан, ұлттық банктерден міндетті түрде анықтама алу керек еді. Өзінің меншігіндегі дүниелер екендігін растайтын. Енді ҚР ҚК 427-бабы бойынша жауапқа тартылатын болады. Өйткені кедендік бақылау аумағынан жасырып алып өтпек болғаны үшін.  

Данияр ӘЛІМҚҰЛ