Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан аймақтарында қарлы боран болады

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2014
  • 7221

Астанаға биылдыққа алғаш рет қалың қар түсті. Бір күн, бір түн тоқтамай жауған қар қалалықтар мен коммуналдық қызметті әбігерге салды. Міне, бүгін таңертең ғана түсірілген кадрлар. Қалың қар салдарынан елорда жолдарында кептеліс пайда болды. Қар тазалау жұмыстары бір сәт тоқтамағанымен, үлгеру мүмкін болмай жатыр.

Алдағы күндері де бас шаһарда қар жауып, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары хабарлауда. Жалпы синоптиктер бұл күндері еліміздің басым бөлігінде күн райының тұрақсыздығы сақталады дейді. Әсіресе Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары бұрқасын астында қалмақ. Ал Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі. Тек  республикамыздың батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА