Русский Сайттың толық нұсқасы

С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің профессорлық құрамы Елбасы Жолдауын талқылады

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2014
  • 1456

Елбасының жуырда ғана жарияланған Жолдауын іске асыру барысында елімізде жаңа жұмыс орындары ашылып, маман даярлау ісі өрлейді. Бұл, біріншіден, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартса, екіншіден, өңірлердің өркендеуіне септігін тигізбек.  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз болды.

Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университет мамандарының айтуынша, жаңа экономикалық саясатқа сай бүгінгі күні қаржылық қолдауды қажет ететін бірнеше салалар бар. Атап айтқанда, транспорттық, энергетикалық, индустриалдық, әлеуметтік бағыттағы салалар. Әсіресе бүгінгі таңда жаһандық проблемаға айналған энергетика, азық-түлік, экология мәслелері оң шешімін таппақ. Сәйкесінше,  атқарылар шаруаларға байланысты жаңа зауыт-фабрикалар ашылады. Осы тұрғыда елдегі экономиканың даму көрсеткішін көтеруге жоғарғы оқу орындары да ат салысады. Яғни оқу ордаларына жаңа экономикалық кадрларды дайындау міндеті жүктелді.

Ибрагим Туғанбаев, С.Сейфуллин атындағы ҚазАУ-нің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты:

Президентіміз: «Білім берудің сапасын күшейту, энергетикалық қуаттылығын арттырып, ауыл шаруашылығын дамыту  бағдарламасымен жалғасады», - деп атап өтті. Бұл жерде  индустрияландыру бағдарламасына сай біздің жоғарғы оқу орны айқындалған ғылымның экономика саласында және заман талабына сай мамандар дайындалады.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ