Русский Сайттың толық нұсқасы

Илья Ильин туған Қызылорда жерінде марапатталды

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2014
  • 1533

Екі олимпиада мен төрт әлем чемпионатын бағындырған батыр ұл Ильяны жерлестері құшақ жая қарсы алды. Бүгін тайлы таяғымен әуежайға жиналған Қызылорда халқы чемпионның аяқ-қолын жерге тигізбеді. 

Чемпионды туған жерінде жанкүйерлермен бірге ата-анасы да тағатсыздана күткен еді. Анасы осы күнге дейін ұлының жеңістерінің бірде-бірін тікелей эфирден көрмеген. «Балама сенемін, бірақ жүрегім шыдамайды», - деп ағынан жарылды. Екі дүркін Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы, бүгінгі күннің  батыры Илья Ильин әуежайда жанкүйерлерінің ыстық ықыласына шомылды. Өзін күтіп алғандардың әрқайсымен қол алысты. Атағы жер жарған спортшы, өзіне сенім артқан елінің үмітін ақтау басты мақсаты екенін айтты. Жерлестеріне шын жүректен алғыс білдірді. 

Илья Ильин, екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы:

Маған деген махаббаттарыңыз үшін, менің қасымнан әрдайым табылғандарыңыз үшін, алғысымды білдіремін. Осыдан бір-екі апта бұрын, қала күнін тойлаған кезде, мен сіздерден маған сенулеріңізді өтінген едім. Мен сіздердің теледидар алдында отырып жіберген күш-қуаттарыңызды сезіндім. Біз бірге, бір халық болып осы үш медальға қол жеткіздік. Мен өз халқымды бағалаймын, сыйлаймын, қайда жүрсем де, мен - қызылордалықпын деп айта жүремін.

Шарипа САҚТАПОВА