Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Пара Азия ойындарының жүлдегерлерін марапттау салтанаты өтті

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2014
  • 2019

Астанада мүмкіндігі шектеулі спортшыларды марапаттау салтанаты өтті. «Қайсар Тұлға» деген атаумен өткен шарада Пара Азия ойындарында чемпион және жүлдегер атанғандарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен бірге ойындар барысында ерекше көзге түскен атлеттер 12 номинация бойынша арнайы сыйлықтарға ие болды. Самат Қанағатов толығырақ әңгімелейді.

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен 11-ші Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті. Бұл сында еліміздің мүмкіндігі шектеулі спортшылары жоспарды асыра орындап қайтты. Пара ойындар барысында отандастарымыз 7 алтын, 6 күміс және 11 қола медальді олжалап қайтты. Командалық есепті 11-ші орынға көтерілген Қазақстан құрамасы бұған дейінгі жарыстармен салыстырғанда рекордты жаңартты.

Дархан Қалетаев, ҚР параолимпиалық комитетінің төрағасы:

Біз соңғы екі жылда көп жұмыс жасадық. Соның нәтижесін бүгін көріп жатырмыз. Әрине, алдыда әлі үлкен жұмыс, үлкен шаралар бар. Біз әлі де болса көптеген жұмыстарды атқаруға дайынбыз. Алдымызда параолимпиадалық ойын бар Риода.

Пара ойындар барысында арбада отырып би түріне қатысқан Ардақ Отарбаев кезекті рет жүлдегер атанды.

Ардақ Отарбаев, Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері:

Біздің бірінші қатысуымыз осы параолимпиада спортына. Жақсы, көрікті билеп шықтық деп ойлаймыз. Біздің алдымызға қойған мақсаттарымыз да бар - арбада отырған мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, жастарды тарту.

Баспасөз маслихаты аяқталған соң Пара Азия ойындарында ел намысын асырған спортшыларға арналған «Қайсар Тұлға» марапаттау кеші өтті. Ойындар барысында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларға ақшалай және бағалы сыйлықтар табысталды.

Алдағы уақытта еліміздің мүмкіндігі шектеулі спортшылары параолимпиадаға берілетін лицензиялық жарыстарға қатысып, бақ сынайды. 

Самат ҚАНАҒАТОВ