Русский Сайттың толық нұсқасы

Білім және ғылым министрлігі 12 жылдық білім беру моделінің үш деңгейлі бағдарламасын ұсынды

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2014
  • 1599

Еліміздің Білім және ғылым министрлігі 12 жылдық білім беру моделінің үш деңгейлі бағдарламасын ұсынып отыр. 2015 жылдан бастап саналатын білім беру жүйесі 2016 жылдан 2027 жылға дейін толық 12 жылдық жүйеге ауысуды көздейді. Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті бастауыш сыныптарға білім беру бағдарламасын талқылады.

Жаңа тәсілдің ерекшелігі - бірінші сыныптан бастап үш тұғырлы тіл саясатына басымдық береді. Жаңа оқу бағдарламасы бірден бесінші сыныпқа дейінгі буынды - бастауыш, бес пен оныншы сынып аралығын негізгі мектеп деп жіктеп, соңғы он бірінші және он екінші сыныптарда баланы болашақ мамандыққа бейімдейді.

Есенғазы Иманғалиев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Тәжірибе бесінші сыныпқа дейін оқушы барлық керекті білімді игеру қажеттігін көрсетіп отыр. Орта буын, негізгі мектепке келгенде бала ғылым негіздерін игеруге үш тілде сөйлеуі тиіс. Балаларымызды ерте жетілдірудің концепциясын әзірлеп жатырмыз.