Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана Опера» театрының сахнасында «Аида» премьерасы

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2014
  • 1288

Опера өнерінің теңдесі жоқ жауһары «Аида» операсы Қазақстанда. «Астана Опера» театрының сахнасында бүгін кешке тұсаукесер. Әйгілі Ла Скала театрының шоу әсері бар туындының қоюшы режиссері - опера әлемінің шебері саналатын Франко Дзеферелли. Алайда, өкінішке орай, денсаулығы сыр беріп маэстро елімізге келе алмады. Оның орнын көмекшісі Стефано Треспеди басты. Әншілер дайын. Декорациялар қойылған. «Астана Операның» залын тексеріп көрдік және оның аккустикасын жоғары бағалағанын айтады итальяндық режиссер. 


Стефано Треспиди, режиссер ассистенті:

Көрермендер «Аиданы» ыстық ықыласпен қарсы алады деген сенімдемін. Өте қатты ұнап, тіпті үйлеріне кеткісі келмей жылайтын болады. Олар «Аиданы» тағы да қоюымызды және «Аидаға» ұқсас қойылымдар шығаруымызды сұрайтын болады. Тіпті мен сияқты режиссер Қазақстанға келіп оны қойып берсе екен деп, қалайтындай етемін. Және неше рет шақырса, сонша рет келуге дайынмын. Бұл менің арманым болады. Маған Қазақстан қатты ұнады. Мені шақыра беріңіздер деген өтінішім бар.

«Аиданы» бүгін кешкі 19.00-де тамашалай аласыздар. Ал әлемдік операның теңдесіз қойылымы саналатын туынды туралы бейнематериалды осы сенбі күні 20.30-да «Біздің уақыт» апталық сараптамасынан көре аласыздар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ