Серік
Ахметов үй қамаққа алынды. Экс-қорғаныс министрі жемқорлыққа қатысы бар деген
күдікке ілікті. Параға жол берді деген айыппен тұтқындалған Қарағанды
облысының экс-шенеуніктеріне
қатысты жүріп жатқан тергеу амалдарының аясында Ахметовке қарсы да айып
тағылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі хабарлады. Тергеу амалдарына байланысты
қалған ақпарат жарияланбайды делінген баспасөз парағында.
Естеріңізде болса, бұған дейін
жемқорлық бабы бойынша Қарағанды облысының және қаласының экс-басшылары
Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұлов тұтқындылған еді. Сонымен қатар
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Металлургия-Металл өңдеу»
индустриялық паркі және «ҚазАгроҚаржы» бұрынғы басшыларына қатысты да тергеу
амалдары жүріп жатыр. Ал Премьер-министр
тағынан Қорғаныс
министрі қызметіне ауысқан Серік Ахметов қазанның 22-де жұмысынан босатылды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ