Русский Сайттың толық нұсқасы

Ислам мемлекетінің содырлары Әзірбайжанға да жетті

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2014
  • 1062

Ислам мемлекеті радикалды тобының Әзірбайжанда бизнес-желісі бар. Жергілікті «Ени Мусават» газеті  Діни ұйымдарға қарсы мемлекеттік комитет төрағасының сөзін келтіріп, осылай деп жазды. Мубарез Гурбанлы радикалды топтың  Әзірбайжанда бизнес желісі барын растады. Оған дүкендер, ірі сауда орталықтары кіреді. Желінің жыл сайынғы табысы 5 миллион долларға дейін барады. Аталмыш ақша топты қаржыландыруға жұмсалатын көрінеді.

Нақтырақ айтатын болсақ, діни кітаптар басылып, лауазымды тұлғаларға пара ретінде жаратылады. Гурбанлы мемлекеттік органдар экстремистермен күресті бастап кеткенін айтты. Басылымның келтірген  дерегі бойынша, бүгінде Әзірбайжанда 40 мыңға жуық азамат түрлі діни ұйымдардың мүшесі.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА