Русский Сайттың толық нұсқасы

Владимир Путин: АҚШ Ресейді бағындырғысы келеді, алайда бұл ойы іске аспайды

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2014
  • 1144

«Олар бізді бағындырғысы келеді». Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Мәскеуге қатысты ұстанымын бір ауыз сөзбен осылайша сипаттап берді. Сондай-ақ  мұның еш уақытта орындалмайтын әрекет екенін  айрықша атап өтті. Путиннің мәлімдеуінше, Америка мұндай озбырлығын бірқатар елдерге қолданды. Олар қазір АҚШ-тың одақтастары атанып жүр. Нәтижесінде бұл мемлекеттердің ұлттық мүддесіне орасан зиян келді. Ресей президентінің сөзімен айтсақ, «олар бөтендерді қорғауға әрекеттенуде, ал мұның ақыры не болары белгісіз».

Мұндай мәлімдемені Путин Брисбенде өткен жиырмалықтың саммитінен соң жасады.  «Осы жиында батыс елдерінің басшылары
Ресей президентіне бойкот жариялады. Ал Путиннің саммиті ерте аяқтап қайтып кетуден өзге амалы қалмады». Түрлі ақпарат құралдары осылай деп жарыса жазуда. 

Владимир Путин, Ресей президенті:

Олар бізді қорлауды емес бағындыруды қалайды. Біздің есебімізден өз проблемаларын шешкісі келеді. Ресейге қатысты ешбір ел, ешқашан мұндай әрекетін жүзеге асыра алмаған. Асыра алмайды да.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА