Русский Сайттың толық нұсқасы

Керекуде де қаланың бас шыршасы Тәуелсіздік күні мерекесінен кейін безендірілмек

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2014
  • 890

Керекуде де қаланың бас шыршасы биыл Тәуелсіздік күні мерекесінен кейін ғана безендірілмек. Павлодар қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі осылай деді. Аймақтың аудандары мен шаһарларында Жаңа жылға дайындық шаралары тек желтоқсанның 18-нен басталады.

Дегенмен, орталық алаңда қарбалас. Байқағанымыздай, жұмыскерлер бас шыршаны орнатуға кіріскен. Әзірге Жаңа жыл мейрамы символының қаңқасы қойылып, бұтақтары ілінбек. Бірақ  жасыл желектің шамдары тек Тәуелсіздік мерекесінен кейін ғана жарқырамақ. Сондай-ақ, көшелердегі жаңа жылдық безендірулер де мемлекеттік мерекелерден соң қолға алынбақ.

Айта кету керек, бұған дейін шаһардағы бас шыршаның шамдары желтоқсанның 1-нде салтанатты жағдайда жағылатын. Алайда, жергілікті билік биылғы шараны барлық мемлекеттік мерекелерді атап өткен соң қолға алуды ұйғарыпты.

Азамат Бәйтенов, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Ең біріншіден, біз Президент күнін 1 желтоқсан, сонан кейін Тәуелсіздік күнін 16 желтоқсан тойлап өтеміз. Осы мемлекеттік мерекелерді тойлап өткеннен кейін ғана, қаламызды жаңа жылға дайындай бастаймыз. Ол енді 16 желтоқсаннан кейін ғана басталады.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ