Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда граната жарылысынан қаза болған студентті соңғы сапарға шығарып салды

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2014
  • 1499

Алматыда колледждегі жарылыс кезінде қаза тапқан 16 жастағы Светлана Яковлева бүгін жер қойнына тапсырылды. Абайсызда мерт болған қызды ақтық сапарға шығарып салуға жақындары, курстастары мен оқытушылары келді. Марқұмның үйіне ағылған адамдар көз жастарын тия алмай жатты.

Айтуларынша, Светлана адамдармен тез тіл табысатын жаны жайсаң қыз болған. Мектепте үнемі алдыңғы қатарда жүріп, оқуда үздік атанады. Марқұмның туыстары граната қыздың ту сыртынан жарылған деген болжамын айтуда. Дәрігерлер де марқұмның арқасында жарықшақ жарақаты болғанын растады. Светлананың қазасынан кейін көптеген ата-ана балаларын оқу орнына жіберуге қорқып қалған. 

Тамара Пономарева, С.Яковлеваның көршісі:

Какая мама не будет плакать? Это же до конца жизни горе. Ну, скажите, как можно отпускать детей. Мы все плачем. Зачем терять детей? Ну, как можно в колледж пускать детей, как можно?  

Ал қайғылы оқиға орын алған колледжде қазір барлығы қалыпқа келтірілген. Сынған терезелер ауыстырылды. Дәрістер кестеге сай өткізілуде. Бірақ оқытушылар мен тәлімгерлер қандай да бір ақпаратты камераға айтудан қашқақтады. Тілшілердің ғимаратқа кіруіне де күзетшілер тосқауыл болды.

Берік ХАСЕНОВ