Русский Сайттың толық нұсқасы

Александр Лукашенко үкіметке бензин бағасын көтеруге жол бермеу керектігін айтты

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2014
  • 1029

Белоруссияда жанар-жағармай бағасын қолдан қымбаттату деген мәселе жоқ. Президент Александр Лукашенко үкіметке бензин бағасын жасанды түрде көтеруге жол бермеу керектігін қадап айтты. 2015 жылдан бастап бензин құнын 10 пайызға көтеруге ұсыныс жасаған премьер-министр Михаил Мясниковичті Лукашенко қатаң сынады. «Онсыз да долларға байланып тұрған жанармай бағасын одан әрі көтеру туралы тіпті де ойламаңыздар», - деді президент.

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының президенті:

Бензин бағасы қымбаттамайды. Біз жанармайды доллар бағамына тәуелді етіп қойдық. Сондықтан да қымбаттайды деп дәмеленбеңіздер. Ақшаны мұнай өңдеу зауыттары мен сыртқы нарықтағы саудадан іздеңіздер. Бағаны көтере салу тетігін емес, басқа тетіктерді қарау керек. Бағаны ақымақ та көтере алады. Ендеше үкіметтің не керегі бар. Сондықтан Белоруссияда мұнай өнімдерінің бағасын жасанды көтеру деген болмайды. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ