Русский Сайттың толық нұсқасы

ШЫҰ мүше мемлекеттердің ішкі экономикасы мен сауда қызметіне жауапты ведомство жетекшілері кездесті

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2014
  • 1434

ШЫҰ-на мүше мемлекеттер сауда нарығына кедергі келтіретін мәселелерді шешуі тиіс. Бұл туралы аталған ұйым елдерінің ішкі экономикасы мен сауда қызметіне жауапты ведомство жетекшілерінің 13-ші жиынында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, өткен жылы Қазақстанның ШЫҰ-дағы мемлекеттермен арадағы тауар айналымы 50 миллиард доллардан асқан. Астана өз кезегінде кедендік жеңілдік пен транзиттік тәртіпке айрықша көңіл бөлуде. Мәселен, бір жарым айдан соң кедендік тексерістегі құжаттар саны біршама қысқармақ.

Дмитрий Мезенцев, ШЫҰ Бас хатшысы:

Душанбеде бағдарламаның ресми саммитінде көлік тасымалы үшін қолайлы жағдай жасау туралы халықаралық келісімге қол қойылды. Яғни бұл келісімшарт алдағы жылдары ШЫҰ-ның шеңберінде жаңа тауар-экономикалық қарым-қатынастың сапалы боларын көрсетеді.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бүгінде ШЫҰ тұрақтылық пен қауіпсіздіктің механизмі болып табылады. Әлемдік экономика мен саясаттағы жалпы мәселелерде жағдайды өзара ортақтасып, келісімді түрде реттейді. Сонымен қатар ұйым аясындағы экономикалық бірлестік қарқынды түрде дамып келеді. 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ