Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс 2015-2017 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдады

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2014
  • 1075

Мәжіліс 2015-2017 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдады. Президенттің халыққа арнаған Жолдауына сәйкес өзгеріс енгізілген үш жылдық бюджетті қолдауға Ұлттық қордан бөлінген қосымша қаржы 15 пайызға артқан. Парламентке Министрлер кабинеті түгелдей келіп бас құжатты бекіттіріп алды.

Дегенмен Үкімет басшысы, егер мұнай бағасы барреліне 70 долларға дейін түсіп кеткен жағдайда, Мәжіліске қайта келуге мәжбүр болатынын жасырмады. Онда бюджеттің кіріс-шығысы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Премьер-министр қара алтын бағасының қаншалықты құбылып тұрғанын мысалға келтірді. Маусым айында бюджетті пысықтауды енді қолға алған тұста мұнай бағасының баррелі 115 доллар болған. Ал бюджет жобасы Парламентке ұсынылған кезде ол 90 долларға түсті. Қазір баға 80 долларға дейін төмендеген.

Айта кетейік, Жолдауда белгіленген тапсырмаларды дер кезінде орындауға қажетті қаржы бөлініп отыр. Арзан баспананың құрылысы да 2015 жылы басталады.

Гүлжан Қарақұсова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Сейчас будет меняться схема. Арендное жилье будет предоставляться акиматами.

- Қарапайым адам қалай алады ол үйді?

- Кезек. В первую очередь за счет арендного жилья будут уменьшаться очереди очередников, это инвалиды, социальные опекаемые.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ